14 жасар чемпион

0 23

Қыркүйек айының басында Азия шахмат федерация­сы «Tornelo» ойын платформасында 8, 10, 12, 14, 16, 18 жастағы қыз-жігіттер арасында Батыс Азия чемпионатын өткізетінін жариялаған болатын. Аталған чемпионатқа жер шарының түкпір-түкпірінен талапкерлер қатысып, 9 турдан тұратын бәсекелі сайыста астанамыздың жас шахматшысы Ерғали Сүлеймен 2-ші орынға ие болды.Шахматтан Батыс Азия чемпионатында ел мерейін өсірген баламыз небәрі 14 жаста, шахматтан спорт шеберлігіне үміткер.
Жастығына қарамай Ерғали осы уақытқа дейін талай бәсекелі сайыстарға қатысып, бірнеше қалалық, республикалық, халықаралық турнирлерде жеңіске жеткен. Жарыстарға жеке өзі де, команда болып та (әрине, Ерғали – команда капитаны) қатысады.
Кішкентай кезінен ақылдылар ойынына құмар болған Ерғали 2015, 2016, 2017 жылдары Респуб­ликалық «Ақбоз ат» командалық турнирінің алтын жүлдегері атанды.
Классикалық шахматтан 2018 және 2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласының екі дүркін чемпионы болды.
2020 жылы өткізілген «Дарын» халықаралық турнирде команда капитаны Ерғали Сүлеймен өз командасын тағы да жеңіске бастап, алтын жүлдеге ие болды.
Енді, міне, кезекті жеңіс!

Камал ӘЛПЕЙІСОВА,
жазушы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 + 17 =