«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

130 пәтер кілтін табыстады

0 261

Қала әкімі Әсет Исекешев 130 астаналық отбасыға пәтер кілтін табыстады. Кенен Әзірбаев көшесі, 14 мекенжайында салынған тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пайдалануға берілді.

Баспаналы болғандардың қуанышына ортақтасуға келген Әсет Исекешев:
– Елбасының «Нұрлы жер» бағдарламасы бо­йынша 130 отбасына пәтер берілді. Қуаныштарыңыз баянды болсын. Шаңырақтарыңыз биік, жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! – деді.
Бұл жолы пәтер иелері атанғандар – кезекте тұр­ған халықтың әлеуметтік аз қамтылған санатына жататын азаматтар және бюджеттік мекеме қызметкерлері. Биыл 1000-нан астам пәтері бар 6 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде 386 пәтер «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша, ал 677 пәтер кезектегілер үшін жалға берілмек.
№63 мектеп-гимназия­сында мұғалім болып істейтін Динара Та­­был­ды­қызы 10 жыл мер­­зімінде кезекте тұрып, бас­­паналы болды. «Қасиетті Рамазан айында, Астананың 20 жылдығы қарсаңында пәтер кілтін алып жатқаныма ризамын. Алдымен Елбасымызға, қала әкіміне үлкен алғыс айтқым келеді. Мемлекеттік бағ­дарламаның арқасында мұғалімдер мен дәрігерлерге баспананың қолжетімді болғаны қуантады» деді ол.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды