130 лифт жаңартылады

0 27

Биыл елордада 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені жөнделіп, 130-дан астам лифті ауыстырылмақ. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн қабылдау кезінде мәлімдеді.Кезекті қабылдауда сонымен қатар жұмысқа тұру, тұрғын үй жағдайын жақсарту мәселелері көтерілді. Соған қоса апатты жағдайдағы ескі үйлерді сүру жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды. Тізімде салынғанына 90 жыл болған үй де бар.
– Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бағдарламасы бойынша қасбетті нығайту, шатырды ауыстыру, кіреберістерді жөндеу және т.б. жөндеу жұмыстарын да сөз еттік. Атқарылып жатқан жұмыстар тұрғын үй жағдайын айтарлықтай жақсартады, көтерілген мәселелер жіті бақылауда, – деп жазды Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында. Сондай-ақ әкім қазіргі таңда азаматтар көтерген мәселелердің орындалу барысын қарау және бақылау үшін электронды карталар жүйесі құрылғанын жеткізді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × one =