Тұмаудың алдын алған тиімдірек

0 121

Күн райы салқындағанда дене қызуы көтеріліп, тұмауға шалдығатындардың қатары жиілеп кететіні бар. Ал Астана қысы қаһарын ерте байқатады. Осы орайда Астана қаласы бойынша  Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті басшысының орынбасары Майра ЖҮСІПОВАМЕН тілдескен едік. 

 

– Астана қаласында соңғы айларда жіті респираторлық вирусты инфекциямен ауырғандардың жалпы саны қанша?
– Биыл қалада 1-24 қазан аралығында ЖРВИ-дің 2930 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1757 жағдай (59,9%) орын алған. 2012 жылы Астана қаласы бойынша ЖРВИ 69156 жағдайы тіркелсе, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 55778 жағдай (80,7%) болды. Тұмаудың зертханалық дәлелденген 108 жағдайы тіркелсе, 14 жасқа дейін балалар арасында 74-і (68,85 %) тіркелді.
– Қандай дәрі-дәрмек ұсынасыздар?
– Ол үшін тұмаумен ауырып жүрген адамдармен қатынасты шектеу қажет, сонымен қатар, маска кию керек. Бөлмелерді жиі желдетіп, ылғалды шүберекпен сүртіп отырған артық болмайды. Денені шынықтыру мен таза ауада серуендеудің көп пайдасы бар. Тұмаумен ауырған уақытта вирусқа қарсы препараттарды қолдану керек. Иммунитетті көтеру үшін тағамға көбірек сарымсақ қолданып, лимон қосылған шәй, итмұрын қайнатпаларын көбірек ішкен жөн.
– Тұмауға қарсы иммунитеттеу жұмыстары ақылы ма?
– Қазіргі уақытта қаланың медициналық ұйымдарымен ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша вакцинациялау жұмыстары басталды. Ол вакцинаны сатып алуға жергілікті бюджеттен 12 миллион теңге бөлініп, сәбилер үйі, балалар үйі, қарттар үйі және учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін иммундауға 18139 доза вакцина алынды. Бүгінде 6138 адам вакцинацияланды.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 + four =