12 жылдық жүйенің артықшылығы көп

0 161

Жеделсөз

2015 жылдан бастап Қазақстанда мектептер 12 жылдық білім беруге көшеді. Бұл туралы Тамыз конференциясы аясында өткен арнайы секцияда 12 жылдық білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын әзірлеуші мамандардың бірі, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Әділхан Дүйсебек мәлім етті.

– 12 жылдық білім беру бойынша тәжірибе қашан енгізілді?
– Биыл елордадағы 8 мектептің 12 жылдық білім беру үлгісін енгізу тәжірибесіне қатысқанына 10 жыл болды. Тәжірибеге №18, 38, «Көгіл­дір желкен», №3, 4, 35, 16, 32 мектеп­тің 123 оқушысы мен 147 мұғалімі қатысты.
– Жаңа стандарт бойынша бала неше жастан сабаққа барады?
– Бала 6 жастан бастап мектепке ба­рады. Бескүндік оқу бағдарламасына сәйкес, оқушыға баға қою қарасты­рылмаған. Сабақтың ұзақтығы 35 минут болмақ. Ал, 2-3 сыныпта олар шет тілдерін оқи бастайды.
– Басқа пәндер енгізіле ме?
– 5-ші класс «өтпелі сынып» болып саналады. Себебі, осы кезде баланың бейімділігі анықталады. Сол сыныпта «Қазақ елі» пәні де енгізіледі. Бұл пән 8-ші сыныпқа дейін жалғасады. 9-10-сыныптарда «Мамандық әлеміне кіріспе» атты жаңа пәннің негізінде бейіндік білім беру жүргізіледі. Ал 11-12 сыныптарда бұрынғы оқу-өндірістік комбинаттардың тәжірибесі негізінде оқушыларға нақты бір ма­манның куәлігі беріледі. Осылайша,
біз мектеп қабырғасында біраз жұ­мысты бітіріп, университетте оған уақыттың шығындалуына жол бер­мейміз. Жо­ғары оқу орнында мектеп түлегі нақты мамандық бойынша
білім алуы тиіс.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 − seven =