12 мектеп салынады

0 7

Қала тұрғындары санының өсуіне байланысты әлеуметтік нысандарға түсетін салмақ артып келеді. Білім ордалары, әсіресе халық көп шоғырланған елді-мекендерде салынып жатыр. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаладағы мектептер құрылысының қалай жүріп жатқанын тексерді.

«Бүгін бірқатар оқу нысандарының құрылыс барысымен таныс­тым. Қазіргі №60 мектеп-лицей аумағында (Кубрин 21/1 көшесі) тағы бір мектеп салып жатырмыз. Мектеп аумағын кеңейтеміз. Бұл мектепке артылған шамадан тыс жүктемені азайтып, жаңа оқу орындарын құруға мүмкіндік береді. Биыл осы мектепті пайдалануға береміз. Абаттандыру жұмыстарына назар аудару қажет. Осы жылы былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп мектеп саламыз. Биыл салынатын мектеп саны – 12» деп жазды қала басшысы өзінің instagram парақшасында.
Келесі жылдарға да дайындық жүріп жатыр. Қала әкімі 2021 жылы пайдалануға берілетін Ұлы Дала мен №39 көше қиылысында орналасқан білім ордасын да аралады. Мектеп 1200 оқушыға есептелген (екі ауысымда – 2400). Құрылысқа жеке инвес­тордың қаражаты жұмсалады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × three =