№12 cайлау округі бойынша Астана қалалық Мәслихатының депутаттығына үміткер Оразханов Нұрдаулет Амантайұлының сайлауалды бағдарламасы.

0 352

Құрметті сайлаушылар!
Есіңізде ме, соңғы өткен сайлау уақытынан бастап сіздің округіңізде көп істер атқа­рыл­ды ма? Өзекті мәселелер шешілді ме? Окру­гі­ңіздегі мәселелер бойынша берілген уәделер нақты орындалды ма? Әрине, мен орын­далмайтын уәделер беруден аулақпын, бірақ мен округіміздегі түйткілді мәселелерді шешуге барлық күш-жігерімді жұмсаймын. Менің ойымша, округімізде келесі мәселелер шешімін табуы тиіс, олар:
1. Мемлекеттік нысандағы балабақшалардың жеткілік­сіздігі. Балаларды мектепалды тәрбие­сі­мен және оқытумен қамту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балабан» бағдарламасын Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет жүзеге асырады. Бұл бағдарламаның жүзеге асуына қоғамдық бақылау орнату және біздің округімізде балабақшалардың салынуына ықпал ету.
2. Емханаларда халыққа қызмет көрсетудің қол­ жетім­сіз­дігі. Қазақстан Республикасы денсау­лық­ сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жыл­дар­ға арналған «Салауатты Қазақстан» мемле­кет­тік бағдарламасы халықтың денсаулығын сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық салау­ат­­тылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды күшейту арқылы сырқат­та­ну­шы­лықты төмендету және халықтың денсаулығын одан әрі нығайтуды; емханалардың халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту, емхана салу, білікті дәрігер мамандарын тарту, олардың біліктіліктерін арттыру курстарын ұйымдастыру. Соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға үйде медициналық көмек көрсету, сондай-ақ, осы мақсатта мамандандырылған санитарлық автокөлік қызметін жүзеге асыру.
3. Көшелердегі тасжол, жарықтандыру, инфра­құрылым мәселесі. Округіміздегі тозған жол­дар­ды қазіргі заманғы жоғары сапалы техноло­гия­ бойынша қайта жөндеу, жарық шамдары жоқ көшелерді жарықпен қамтамасыз ету, саябақтар салу, балалардың ойын алаңдарын көбейту. Ауыз судың сапасын жақсарту, оны барлық тұрғындарға тұрақты қолжетімді ету. Көшелерді, аулаларды қоқыстан, қыс мезгілінде қардан уақытылы тазарту. Көшелерде арнайы белгілер мен бағдаршамдар орнату, автотұрақ орындарын көбейту.
4. Мектептердің жетіспеушілігі. Мектептерде оқушылардың саны шамадан тыс болғандықтан, үш ауысымды кезекпен оқуға мәжбүр. Сондықтан біздің округімізде жаңа мектеп салу мәселесін шешу. Мектептердегі мұғалімдердің біліктілігін көтеру. Мектептерде оқушыларды сапалы тамақпен қамтамасыз ету.
5. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, жетім бала­лар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдаудың аздығы. Азық-түлік бағасы мен тұрмыс­тық-коммуналдық қызметтерге тарифтердің қым­бат­тауының себебінен осы санаттағы азамат­тарға төленетін өтемақылар мардымсыз. Сон­дық­тан бұл санаттағы азаматтарға осы бағытта әлеу­меттік жеңілдіктер қарастыру, мекен жайлық әлеуметтік (азық-түлік) көмек көрсету.
6. Коммуналдық қызметтерге тарифтердің қымбат­ты­лығы және тұрмыстық-коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдар қызметінің ашық­тығы. Тұрмыстық-коммуналдық қызметтер үшін төленетін төлемақылары тұрғындардың игілігі үшін мақсатты жұмсалуын бақылау механизмдерін қалып­тастыру және әлеуметтік аз қамтылған отба­сы­лар­ға коммуналдық қызметтер үшін төле­нетін төлемақыларға жеңілдіктер қарастыру. Коммунал­дық­ шаруашылықтардың тұрғындарға көрсететін қызмет сапасын жақсарту. Қоғамдық көліктер қаты­на­сын жиілету, аялдамалар орнату.
7. Азық-түлік пен халық тұтынатын басқа да тауар­лар бағамына мемлекеттік бақылаудың жетіс­пеу­шілігі. Азық-түлік пен халықтың басқа да тұтынатын тауарлар бағасының қымбаттауына себеп болатын өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдалдар. Сондықтан өндіруші кәсіпорындардың азық-түлік өнімдерін тұрғындарға тікелей делдалсыз жеткізудің жолдарын қарастыру. Ол үшін өндіруші өнеркәсіп өнімдерін өз бағасы бойынша округ аймағында жәрмеңке ұйымдастыру, сауда нүктелерін ашу.
8. Округтегі қоғамдық тәртіп мәселесі. Қоғам­дық­ тәр­тіпті күшейту, учаскелік инспектордың тұрғын­дар­мен жұмыс істеу сапасын жақсарту, патруль­дік полиция қызметтерін осы ауданда толық қамта­ма­сыз ету. Көшелерде видеобақылау орнату.

Құрметті жерлестер!
Жоғарыда айтылған мәселелерді шешу арқылы ауданымыздың келбеті толықтай өзгеретініне сенімдімін, сол себептен сіздерден үлкен қолдау күтемін. Осы жолда аянбай еңбек етуге әзірмін. Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясының маған көрсеткен қолдаудың және сіздердің білдірген сенімдеріңіздің арқасында бірге жеңіске жетеміз! Күнделікті өмірде жоғарыда аталған мәселелерден басқа да проблемалар туындайтыны сөзсіз. Сондық­тан барлығымыз бірге жұмылып, бұл мәсе­ле­лер­дің оңай шешімін таба аламыз! Сіз жақсы өмір сүруге лайықсыз!

Қымбатты сайлаушы!
Қазан айының 27-сі күні өз сайлау учаскеңізге келіп, азаматтық борышыңызды өтеуге шақырамын!

Мақала ақысы кандидатқа республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен төленді

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 3 =