111 бірыңғай байланыс орталығы іске қосылады

0 6

Биыл қыркүйек айында 111 бірыңғай байланыс орталығы іске қосылады.

Орталыққа құқығы бұзылған, тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендер хабарласа алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында «Өзіңді және жақындарыңызды буллинг және кибербуллингтен қалай қорғауға болады?» тақырыбында өткен брифингте айтылды.
Айта кетсек, бұл байланыс орталығы 2016 жылдан бері жұмыс істей бастаған. Түрлі себептерге байланысты жұмысын тоқтатқан орталық биыл қайта іске қосылды.
«Бұл буллинг, кибербуллингке қарсы маңызды механизм. Оған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа куә болған бала да, ересек те хабарласа алады. Орталық Қазақстан бойынша жұмыс істейді. Республикалық маңызы бар әр қалада өзінің кеңсесі бар. Қоңырауды операторлар, психологтар қабылдайды және бірден жергілікті полиция департаментіне байланысқа шығады» деді брифингте БҰҰ-ның адам құқығы бойынша сарапшысы Халида Әжіғұлова.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 3 =