Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«11 метрлік» 3 ұпай

0 231

«Астана» клубы ел біріншілігінің жетінші турында өз алаңында Қостанайдың «Тобылын» қабылдады.

Қос тараптың «қамалы» алғашқы таймда сыр бермеді. Жеңіске деген ерекше ұмтылысы байқалмаған қонақтар қорғанысқа көп мән беріп, чемпионмен тең ойнағанның өзін құп көрді-ау?!
Бірақ қарсыластың айып алаңын әбден айналшықтап жүріп алған «Астана» қостанайлықтарды ақыры ойынынан жаңылдырды. 67-минутта Азат Нұрғалиев Марин Томасовты қақпа алдында жөнсіз тоқтатып, төреші Болат Сариев бірден 11 метрлік айып соққысын белгіледі. Бұның «нүктесін» Патрик Твумаси қойды. Ол тепкен доптың бағытын Вячеслав Котляр дәл тапқанымен, қайтаруға қауқарлы болмады.

Сөйтіп пенальтиден соғылған жалғыз голмен кездесу тағдыры шешілді. «Астана» ойын кезінде бәрібір «Тобылдың» қорғанысын бұзып жара алмады.
Осылайша «Астана» турнир кестесіндегі төрін 22 ұпаймен нығайтты. Енді келесі турда сырт алаңда Қарағандының «Шахтерімен» ойнайды.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды