1069 адам жауапкершілікке тартылды

0 45

Елордада полицейлер, еріктілер мен әкімдік өкілдері сауда орталықтарына, дүкендер және адамдар көп жиналатын басқа да орындарда рейд жүргізуде. Іс-шараның мақсаты – індеттің таралуына жол бермеу. Карантиннің күшеюіне қарамастан, бірқатар мекемелер әлі де талаптарды елемей отыр.21 қарашада сағат 18:30-да мобильді топ New Stars мейрамханасына барып, «Беташар» рәсімі өткенін анықтады. Тойда полиция қызметкерлері шамамен 70 адам болғанын алға тартады. Осындай талап бұзушылық «Алаш» және «Багратиони» мейрамханаларында анықталған. Біршама қонақ жиналған. 21 қараша күні сағат 23:32-де мобильді топ 40-қа жуық адам жиналған «IZI Bear bar» барын анықтады.

«Көптеген нысандар жұмыс тәртібін бұзады. Санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес тамақтану орындары 22:00-ге дейін жұмыс істеуі керек. Бұл үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады» деді Есіл ауданының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бөлім басшысы Айман Жанатаева.
23 қарашадағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне аудандық полиция басқармаларынан карантинді бұзуға жол берген тұлғаларға қатысты 2129 материал келіп түсті. 1069 жеке және заңды тұлға жалпы сомасы 210747966 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінде жалпы сомасы 162395245 теңгеге 825 әкімшілік айыппұл төленді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + eleven =