Он мың адам екпе алды

0 16

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов онлайн брифингте халықты вакцинациялау қалай жүріп жатқанын айтты.

«Халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Бүгінде бірінші компонент бойынша 1861 адам вакцинациядан өтті, екінші компонент 3024 адамға салынды. Оның ішінде медициналық қызметкер – 4836, мұғалімдер – 1945, созылмалы аурулары бар адамдар – 1071, құқық қорғау органдарының қызметкерлері – 1207, басқа топтағылар – 1802» деді басқарма басшысы. Оның айтуынша, екпе алғаннан кейін денсаулықтың қатты асқыну жағдайлары болған жоқ.
«36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында бірінші және екінші компоненттерге арналған 2 вакцинация бөлмелері, вакцинациядан кейін пациенттерді бақылауға арналған күту бөлмелері тұрақты режимде жұмыс істейді. Барлық емханаларда тоңазытқыш қондырғылары, вакциналарды қоймадан екпе салу мекеніне тасымалдауға арналған термиялық контейнерлер бар. Вакциналар барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай сақталады» деді Тимур Мұратов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 6 =