Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

1000 орын ұсынылды

0 186

Елордадағы Жастар сарайында әкімдіктің Халықты жұмыспен қамту орталығы жәрмеңке ұйымдастырып, 1000-ға жуық бос жұмыс орнын ұсынды. Одан бөлек, «Ашық мемлекет» мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді. Онда келушілерге электронды цифрлы қолтаңба беріліп, өзге де құжаттар мен анықтамаларды алудың жолдары түсіндірілді.

Биыл жыл басынан бері Жұмыспен қамту орталығына 7 мыңнан астам адам өтініш қалдырған екен. Орталықтың мәліметіне сүйенсек, оның 2652-сі жұмысқа орналастырылды. Ал бү­гінгі жәрмеңкеде 100 шақ­ты жұмыс берушілер үміткерлермен тікелей тілдесіп, сұхбаттасты. Жұмыспен қамту орталықтарының мамандары еңбекпен қамту, жұмысқа орналасу, қайта даярлау, жұмыс іздеу технологиясы, кәсіптік оқыту және қосымша кәсіби білім беру мүмкіндіктері туралы кеңес берді.
Жұмыспен қамту ор­талығының жұмыс беру­шілерді қолдау бөлімінің басшысы Қаламқас Кульшиманова биыл елордада тағы 4 жәрмеңке ұйым­дастыру көзделген дейді. Оның айтуынша, аталмыш шараға жұмыс берушілердің өздері де зор ықылас танытып отыр. Себебі жәрмеңке – мекемелер үшін мамандарды сұрыптап, таңдап алуға таптырмас мүмкіндік.
Ал «Ашық мемлекет» жәрмеңкесінде мемлекеттік органдар тұрғындарға онлайн қызметтерді қалай алуға болатынын түсіндірді. Мәселен, Әді­лет департаменті құжат­тарға апостиль қою тәр­тібімен таныстырды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-­қимыл агенттігінің Ас­тана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Роман Ким бұл шара Елбасы жа­риялаған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталғанын жеткізді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды