«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

100 жаңа есімге кім лайық?

0 236

Кеше қалалық әкімдікте «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне қатысушыларды шақыру мақсатында баспасөз-мәслихаты өтті.

Шараға «Астана жастары» орталығы КММ директоры Үкібай Нұрпейісов пен «Қазақстан студенттерінің альянсы» республикалық студенттер қозғалысының жетекшісі Ілияс Түстікбаев қатысып, биылғы жобаның ерекшеліктері жайында баяндап берді.
«100 жаңа есім» жобасы Қазақстанда ерекше талантты және тұлғалық сипатқа ие адамдарды іздеп, жобаға белсене қатысуға шақырады. Аталған жоба кәсіби салада жетістікке жеткен, өзгеге үлгі болатын адамдарға арналған. Осымен екінші жыл ұйымдастырылып отырған жобаның өткен жылғыдан өзгешелігі үміткер былтырғыдай өзін-өзі ұсына алмайды. Олар тек ұйым атынан ұсынылады. Сонымен қатар биыл үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне басымдық берілмек. Сол сияқты өткен жылғы іріктеу кезеңінен өтпей қалған үміткерлер биыл тағы да өтінім беруге құқылы.
– Біз Астанадағы жоғары оқу орындары мен колледж-мектептерге алдын ала хат жазған болатынбыз. Әзірге мекемеге 50 үміткерден өтініш түсті. Өтініш қазан айына дейін қабылданады. Жоба жеңімпаздарын жыл соңына дейін Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы комиссия анықтайтын болады, – дейді Үкібай Нұрпейісов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды