100 көше жөнделеді

0 81

Нұр-Сұлтанда ауа райының жылынуымен жол жұмыстары қайта жанданды. Биыл барлығы 100-ден астам көше жөнделіп, жаңа көшелер салу да жоспарланып отыр. Сонымен қатар көктемгі су басу кезеңінде 37 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілді.Өткен жылдағыдай, қаланың ескі бөлігіне, тұрғын үй массивтеріне, әлеуметтік нысандарға және қозғалыс қарқындылығы жоғары көшелерге апаратын жолдарға баса назар аударылатын болады.
2020 жылы елордада 173 көше, оның ішінде қаланың тұрғын үй алаптарында жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу саласында төрт мыңнан астам жұмыс орны құрылды.
Сапасыз жөндеу жұмыстары, құрылыс қабылданбайды. Мұндай жағдайда мердігерлер өз есебінен қайта жөндеп, қалпына келтіретін болады. Ал өз жұмысына бей-жай қараған мердігерлер ісі сотқа берілетін болады. Әрі қарай қара тізімге енгізіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + 13 =