100 балаға киім-кешек тарту етілді

0 24

«Нұр Отан» партиясының елордалық филиалы ғимаратында әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылардан шыққан 100 балаға қысқы киім-кешек үлестірілді.«Нұр Отан» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филилалы төрағасының бірінші орынбасары ­Ерлан Каналимовтың айтуынша қайырымдылық іс-шарасының ерекшелігі, бұл жолы көмекпен тек қыз балалар қамтылып отыр. Бұған дейін аудан әкімдіктерінде, Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасында тұрмысы төмен, толық емес және көпбалалы отбасылардың балаларынан арнайы тізім әзірленген болатын. Сол балаларға қысқы күрте мен аяқ киім сыйға тартылды. Бұл істе «Ummet» қоғамдық қоры мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшілігі үлкен жәрдем көрсетті. Сондай-ақ партия, қор және елшілік арасында орнатылған меморандум аясында бұған дейін де бірқатар қайырымдылық іс-шарасы ұйымдас­тырды. Ерлан Каналимов игі істер мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen − eight =