1-сыныпқа қабылдау электронды форматта

0 10

Елорда мектептерінде 1 тамызға дейін 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау жалғасуда. Қалалық Білім басқармасы ата-аналар тарапынан жиі қойылатын сұрақтарына жауап берді.– Құжаттар қандай форматта қабылданады?
– Өтініштерді қабылдау еgov.kz электронды үкімет порталы арқылы электронды форматта жүргізіледі.
– 1-сыныпқа түсу үшін қандай құжаттар қажет?
– өтініш;
– баланың куәлігі;
– «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша және 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
– баланың 3х4 см көлеміндегі 2 дана суреті.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қабылдау баланың ата-анасының келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
ҚР БҒМ баспасөз қызметінің ақпаратында айтылғандай, «қызыл аймақта» орналасқан өңірлерде тұратын ата-аналарға оқу жылы басталғанға дейін медициналық анықтамаларды алуға болады.
– Балалар қай жастан бастап 1-сыныпқа қабылданады?
– Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары даярлық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, 6 жастағы балаларды және биыл алты жасқа толатын балаларды 1-сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
– Ата-аналар баланың құжаттарын кез келген мектепке өз қалауы бойынша бере ала ма?
– Қабылдау ережелеріне сәйкес, қабылдау кезінде алғашқы үш өтініш мектептің қызмет көрсету аумағынан қабылданады, бір өтініш – ата-аналардың қалауы бойынша (3+1 қағидасы бойынша).
– Құжаттарды қағаз нұсқада беруге бола ма?
– Ата-аналар құжаттарды электронды үкімет порталы арқылы, егер мүмкіндік болмаған жағдайда ғана қағаз күйінде тапсырса болады.
– Мамандандырылған мектептерге түсу мүмкіндігі әлі де бар ма, қосымша қабылдау бола ма?
– Елордада бес мамандандырылған мектеп жұмыс істейді: №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі, №81 «Astana English School» мамандандырылған мектебі, дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» мектеп-лицейі, дарынды қыздарға арналған «Білім-инновация» мектеп-лицейі, Нұр-Сұлтан әкімдігінің №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі. Мамандандырылған білім беру ұйымына түсетін үміткерлердің ата-аналарынан конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 наурызы мен 1 сәуірі аралығында жүргізіледі. Конкурсқа қатысу үшін үміткердің ата-анасы белгіленген мерзімде мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында тіркеуден өтеді немесе мамандандырылған білім беру ұйымына құжаттарды ұсынады.
– Неге елордалық мектептерде мектепке дайындық үшін нөлдік сыныптар жоқ?
– Нөлдік сыныптары бар мектептер тізімі Білім басқармасының ресми ресурсында жарияланатын болады. Бізде 1-сыныптарда оқығысы келетіндер көп болғандықтан, әр мектепте нөлдік сыныптар ашуға қажеттілік болмады.
– Мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндер жаңа оқу жылына мектеп формасын дайындау керек пе?
– Бұл ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешіміне байланысты. Өткен оқу жылында, онлайннан офлайн форматқа көшу туралы шешім қабылданған кезде, қатаң талаптар болған жоқ, классикалық киімге жақын киім кисе болды деді.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы қабылдаудың ерекшелігі – қабылдау науқанының ерте басталғаны. Бұл болашақ мектеп оқушыларының ата-аналары мектепті алдын ала анықтап, қажетті құжаттарды уақытында тапсырып, оқу құралдарын жинай алуы үшін, ал мектеп әкімшілігі сабақтарды алдын ала толықтырып, оқулықтардың қажетті санын сатып алып, сағаттарды мұғалімдер арасында бөліп, сыныптар санына байланысты мұғалімдер құрамын анықтауы үшін жасалады. Енді жыл сайын құжаттарды қабылдау төрт айға созылады.
Министрліктің ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда еліміз бойынша 1-сыныптарға 285 мың өтініш берілген. Ведомствода биылғы оқу жылында 380 мыңнан астам 1-сынып оқушылары мектепке барады деп күтілуде. Ал елордада қазіргі күні 1-сыныпқа 12 мыңнан астам бала құжат тапсырды. Жаңа оқу жылында Нұр-Сұлтандағы мектептерге 24 мыңға жуық 1-сынып оқушысы келеді деп күтілуде.

Өтініштерді қабылдау еgov.kz электронды үкімет порталы арқылы электронды форматта жүргізіледі.

Қажетті құжаттар:
өтініш;
баланың куәлігі;
«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша және 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
2 дана сурет (3х4 см)

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 + fifteen =