1 Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі мерекесі

0 30

Қымбатты елордалықтар!

Баршаңызды 1 мамыр – Қазақ­стан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген әр жетістігіміз – көпэт­носты еліміздің татулығы мен тұтастығына негізделген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұстанған саясат­тың айқын нәтижесі. «Береке-­бірліктің алмайтын қамалы, ба­ғындырмайтын биігі болмайды» деп ҚР Тұңғыш Президенті атап өткендей, түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында өзара сыйласып, осы жылдар ішінде көптеген қиындыққа төтеп беріп келеміз.
Әсіресе, дәл қазіргідей әлемдік пандемиямен күрес кезі – еліміздің ішкі бірлігі сыналатын уақыт. Алайда халқымыздың тұтастығы сыр бермей, қиын кезде бір-біріне көмек қолын созып, өркениетті қоғам болып қалыптасқанымызды көрсетіп жатырмыз.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Мен үшін әр азаматтың өмірінен қымбат ештеңе жоқ» деп атап өтті. Мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік-экономикалық, медициналық жағынан қорғау шаралары тиянақты жүргізілуде. Халқымыздың бірлігі мығым болса, біз алмайтын асу жоқ.
Елімізде тұрақтылық сақталып, бірлік пен ынтымақтастық арта берсін!
Әрқайсыңызға зор денсаулық, амандық пен бақ-береке тілеймін!

Алтай КӨЛГІНОВ,
Нұр-Сұлтан
қаласының әкімі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 − two =