1,2 мың нысан мүгедектер үшін бейімделеді

0 48

Бүгінгі таңда елордада инфрақұрылым нысандарының 98,5 пайызы мүгедектігі бар адамдарға бейімделген. Тағы 1200 нысанды 2020 жылдың соңына дейін бейімдеп құжаттандыру жоспарланған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Илья Скуб мәлімдеді.«Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, сондай-ақ шағын және орта бизнес нысандарын мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділікке тексеру жұмыс­тары жүргізілуде. ҚР Тұңғыш Президентінің Жолдауын жүзеге асырудың жалпыұлттық жоспарына және аумақтарды дамыту жоспарына сәйкес 2020 жылдың соңына дейін 1200 әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарын құжаттандыру және бейімдеу жоспарланған», деді Илья Скуб елорда әкімдігінде өткен брифингте. Оның айтуынша, өткен кезеңде 1 287 нысан құжаттандырылып бейімделген. 2012-2016 жылдар аралығында 401 нысан, 2017-2020 жылдары 886 нысан құжаттандырылған, 2020 жылдың соңына дейінгі жоспар 98,5% құрайды.
Мемлекеттік басқарудың 34 нысаны, 5 әлеуметтік қорғау, 36 денсаулық сақтау, 14 спорт, 20 мәдениет, 178 мектеп және мектепке дейінгі білім беру, 4 көлік инфрақұрылымы, 926 шағын және орта бизнес нысаны, сондай-ақ 70 тұрғын үй тиісті қалыпқа келтіріліп, талапқа сәйкестендіріледі. «Сонымен қатар, басқарма ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментімен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселесі бойынша шағын және орта бизнес өкілдері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде», деп түйіндеді спикер.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight + 10 =