1,1 триллион теңге инвестиция тартылды

0 82

Елорда әкімдігі 2020 жылы коронавирус пандемиясына қарамастан қала тұрғындары үшін маңызды жобаларды іске асыруға қажет жеке инвестицияларды тарту бойынша жұмыстарды тоқтатқан жоқ.

Өткен жылы елордаға 1,1 триллион теңге инвестиция тартылды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық. Бұл туралы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев мәлімдеді. «Карантин кезінде, мысалы, құрылыс жұмыстары тоқтаған жоқ, санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып жүргізілді. 2020 жылы елордада 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды және пайдалануға берілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Бұл, негізінен, білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, логистика және сауда, спорт, тұрғын үй секілді салаларға қатысты» деді Ерлан Бекмұрзаев.
«Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығының базасында инвестицияларды тарту бойынша өңірлік фронт-офис жұмыс істейді, онда инвесторларды «бір терезе» қағидаты бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінен өту кезінде толық сүйемелдеу жүзеге асырылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі инвесторлар үшін барлық жағдайды жасап, әкімшілік кедергілерді жоюда.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five − three =