«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Зымыран-ғарыш музейі

Астана айшықтары

0 45

Байқоңыр ғарыш айлағындағы «Союз», «Протон», «Зенит» зымыран тасығыштары мен «Боран» орбитааралық кемесінің макеттерінен құралған зымыран-ғарыш техникасы музейі алыстан менмұндалап тұр.

Бұл нысан – осыдан бір ғасырдай бұрын Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда облысының елорданың 20 жылдығына тартуы. Ашық аспан астындағы музей Тұран даңғылы бойындағы «ҚазҒарышСапары» АҚ ұлт-тық ғарыш орталығы аумағындағы 1,4 гектар жер учаскесінде орналасқан. Музей маңындағы аумақ толықтай абаттандырылған. Сыр өңірі сыйға тартқан экспозиция құны 1,5 млрд теңгені құрайды.

Сондай-ақ кешен аумағында зымырандардың техникалық сипаттамасы мен жасалуы және пайдалану тарихы туралы барлық мәліметтер көрсетілген арнайы ақпараттық стендтер қойылған.

Макеттер туралы айтар болсақ, «Союз» зымыран-тасығышы «Байқоңыр» ғарыш айлағы пайда болуының негізгі себебі – «Королевтің жетілігі» деп аталып кеткен Р-7 жинақтамасының ең танымал зымыраны. Ал «Протон» – автоматты ғарыш аппараттарын Жер шарының орбитасы мен әрі қарай ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған ауыр санатты біржолғы зымыран-тасығыш.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды