«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жылы сөзімен де емдеді

0 50

Астанада тәуір тіс дәрігерін таңдау қиын. Тісім ауырып бірнеше емдеу орындарына бардым. Бірінің бағасы ұнамаса, бірінің қызметі көңілімнен шықпады. Сөйтіп жүріп, маңдайшасында «Айя-дент» деп жазылған тіс емдеу орталығына бұрылдым.

Есіктен кіре бере жүзі жылы қызметкер қарсы алды. Неше күн ұйқы көрмей, тамақ іше алмай жүргенімді естігеннен кейін, дереу ем кабинетіне кіргізді. Артынан білдім, жағдайымды сұрап бәйек болып жүрген сол мекеменің әкімгері Жанар Мерханқызы екен.
Онсыз да шаршап келген жа­йымды біліп, «қорықпаңыз, дәрі салып емдеймін» деп көңілімді баурап алды. Дәрігерлердің де жүзі жылы, қолы шипалы екен. Келесі күні айтқан уақыттарында тағы келдім. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген осы ғой. Абзал жандардың біліктігімен бірге сыпайы мінезі шипа іздеген жандарға қатты әсер береді. Ем барысында ауырған тісімді ғана емес, ауыз қуысын түгел емдеп, жаңа протез салып берді. Бағасы да көңілге қонымды. Мінекей, осындай сыпайы, өз жұмыстарын адал атқарып, шағын ұжымның қызмет сапасын арттырып отырған «Айя-денттің» директоры Бақытхан Әбішевке рақмет. Тіс дәрігерлері Дулат Әбдіқалықов пен Әсия Қырғызбаеваға алғысым шексіз.

Қайникамал ТАМТЫҚОВА,
зейнеткер

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды