Вторник, 26 Сентябрь 2017
-->

Жылы аялдамада шылым шексеңіз жауапкершілікке тартыласыз

Қоғамдық орындарда арнайы белгіленбеген жерде темекі тартқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Күні кеше жылы аялдамалардың бірінде шылым шегіп тұрған 46 жастағы азамат полицияның көзіне түсіп, оған әкімшілік хаттама толтырылды.

suret

ІІД Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Айдар Қазанғапов рейдтік шара барысында қоғамдық тәртіпті бұзу дерегін анықтады. Ол Шалкөде көшесіндегі жылы аялдамада темекі шегіп тұрған азаматты байқап қалып, осыған байланысты ҚР ӘҚБтК «Жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу» туралы 441-бабы бойынша хаттама тіркеліп, құқық бұзушыға үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде (6807 теңге) айыппұл салынды.
Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің инспекторы Ләззат Бисембаеваның айтуынша, жыл басынан бері белгіленбеген орындарда темекі шеккендердің саны 1500-ден асқан. Ал былтыр 17220 құқық бұзушылық анықталған.
Ескеріп кетсек, ҚР ӘҚБтК 441-бабы «Жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу» бұзған жағдайда, үш АЕК көлемде айыппұл қаралған. Сондай-ақ, аталмыш бабты бір жыл ішінде қайта бұзған жағдайда, алты АЕК көлемде айыппұл төлеуге тура келеді.
Кез келген құқық бұзушылықтың куәгері болған азаматтар жақын маңайдағы учаске пунктіне немесе «102» телефон желісіне хабарласуға болады.

Print Friendly, PDF & Email
ru.pdf24.org    Отправить статью как PDF   

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*