«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жылу орталығын аралады

0 10

Елорда басшысы Алтай Көлгінов қысқы маусымға байланысты шаһардағы 1 және 2-ші жылу электр орталығының дайындығын тексерді.

Бүгінде 1-жылу электр орталығы котлоагрегат пен турбогенератормен ауыстырылып, түтін құбырларын қайта жаңарту мен негізгі және қосалқы жабдықтарға монтаждау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ қазіргі күні №4 қазандықты қайта жаңарту мен турбиналарын ауыс­тыру жұмысы жүргізіліп жатыр.
Ал 2-жылу электр орталығының бас корпусы мен су жылыту қазандығы кеңейтіліп, №4,5 түтін құбыр­ларының құрылысы және негізгі және қосалқы жабдықтарын монтаждау жұмыстары істелді.
Бүгінде әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің жылу беру маусымына дайындығы 95 па­йызды қамтиды.
Қала әкімі дайындық барысын өз көзімен көріп, жылу электр орталықтары шаһарды жылумен қамтамасыз етуге сақадай сай болу керектігін айтты. Қазіргі күні қала үшін қажетті отын қоры жинақ­тал­ған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды