«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жүзден жүйрік жеткіншек

0 12

Елордада мектеп оқушыларының арасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының нормативтерін орындау бойынша арнайы сынақ өтіп, оған 33616 оқушы қатысты.

Олар қысқа және ұзын қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру, кермеге тартылу, ату, шаңғымен жүгіру, жүзу, қол добын және граната лақтыру секілді спорт түрлері бойынша күш сынасқан. Нәтижесінде қатарластарынан оза шапқан Әліби Жанияз, Амина Филиппова, Әлихан Тәжі, Юлия Самохина, Милана Котельникова, Богдан Гармонщиков, Диас Аблакимов есімді оқушылар арнайы төсбелгілермен марапатталды.
– Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өткізіліп отырған мұндай жиын өскелең ұрпақ­тың бойында патриоттық сезімін арттырып, еліміздің дамуына септігін тигізеді деп үміттенемін. Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, – деді қалалық Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Берік Маржықпаев.
Игілігі мол жиынды елордалық Мәдениет және спорт басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры бірлесіп ұйымдастырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды