«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жүзден жүйрік шықты

0 91

Сенбі күні Астананың 20 жылдығына арналған триатлоннан қала біріншілігі өтті. Триатлон паркте салтанат құрған бұл сайысқа жүзден аса адам қатысты.

Триатлон елордада жақсы трендке айналып келеді. Жылдан-жылға бұл спорт түріне бет бұрған бұқараның қатары да артып келеді. Биыл өткен қалалық «Астана Триатлон-2018» сайысында 117 адам бақ сынады. Ал жарыстың көрігін қыз­дырып, қиқу қосып, қолдап-қолпаштаған халықтың саны мыңнан асты.
Бұл дода, аты айтып тұрғандай, үш сайыстан құралды. Қатысушылар алдымен 0,75 км жүзіп, 20 км қашықтықты велосипедпен және 5 шақырымды жүгіріп бағындырды. Жалпы межені еңсеру 120 минутқа созылды. Жарыс жеңімпаздары ерлер және әйелдер арасында бес жас санаты бойынша анықталды.
Сонымен, триатлоннан биылғы қала чемпиондары атанғандар: Жандос Қайыргелді мен Айнұр Құмарова (18-29 жас), Сергей Прохоров пен Елена Пономарева (30-39 жас), Қайрат Қоянбаев пен Инна Вишнякова (40-49 жас), Александр Блюм мен Валентина Титовская (50-59 жас) және 60 жастан асқандардың ішінен барлық қашықтықты кесіп өткен Любовь Асанова.

Бексаттар САТТАР

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды