«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жүргізуші­лердің жаңа құжаты

0 64

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап еліміздегі автокөлік жүргізушілер көлік құралының электронды төлқұжатын алады. Бұл құжат техникалық төлқұжат немесе ішкі істер органдары көлік құралын тіркегенде беретін куәлік емес. Электронды төлқұжат деге­німіз көліктің туу туралы куәлігі деуге болады. Өйткені онда көліктің шыққан жылы, көлемі, қозғалтқыш көлемі, көлік иесі туралы мәлімет, техникалық тексеріс­тен өткені не өтпегені, жол апатына түскені не түспегені, қандай да бір жөндеуден өткені жайында барлық ақпарат жазылады. Құжатты рәсімдеу­ге 4500 теңге төленеді, оған өзгеріс енгізу үшін жүргізуші 3300 теңге төлейді. Электронды төлқұжат Еуразия экономикалық одағының барлық аумағында жарамды болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды