ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЫЙЛАДЫ

«Қуан, сәби!» республикалық акция аясында Астана қаласындағы Балалар үйінде «Жүрегімнің жылуы» атты мерекелік кеш өтті. Оған мекеме қызметкерлері мен тәрбиеленушілер, Астана қаласы әкімдігінің, құзырлы органның өкілдері және бала асырап алушы отбасылар мен қамқор аналар қатысты.

erm_2540

Баланың жанұяда өмір сүру құқығын іске асыру, жетімдік мәселелеріне қоғамның көңілін аудару, баланы отбасыға үйретудің әртүрлі жолдарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған басқосуға қатысушыларды тәр­биеленушілермен бірге, «Адырна» халық аспаптар оркестрі қарсы алды. Қонақтар Балалар үйінде Ризашылық бағын, сенсорлық, психологиялық қызмет, халық аспаптары оркестрі бөлмелерін аралап, балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесін тамашалады. Сонымен қатар, «Біз – спорттық жанұя» атты спорттық шарасын, «Өнер» бейнелеу студия­сын көрді. «Мирас» жанұясының тұрғын-жайымен танысты. Содан кейін естелік үшін фотоға түсіп, өнерлі жеткіншектердің ән-жырына қошемет білдірді.

«Осындай басқосуларды жиі ұйымдастырғанымыз жақсы. Өйт­кені қамкөңіл балалар кәдімгі­дей жадырап, қуанып қалады. Олар өздеріне қоғамның назар аудар­ғанын қалайды. Қолдарынан ке­ле­тін дүниелеріне баға берсе екен дейді. Міне, бұл шараны ұйым­дастырудағы мақсатымыз да сол, балалардың өнерін басқаларға паш ету» дейді Балалар үйі директо­ры­­ның орынбасары Динара Оразбаева.

Асхат РАЙҚҰЛ

Сонымен қатар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ҚЫСҚА ДАЙЫН

Бүгінде Астанада 1140-тан аса қоғамдық көлік қала ішіндегі жолаушыларға қызмет көрсетуде. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған