«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жұқпалы аурудан сақтануға шақырды

0 68

Кеше бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қала­лық балалар жұқпалы аурулар аурухана­сында болып, медициналық мекеменің дәрі­гер­лерімен кездесіп, оның қызметімен танысты. Бұл – барлық заманауи стандарттарға сай жаңаша жабдықталған, осы сала бойынша қаладағы жалғыз 300 орындық емдеу орны. Мұнда жоғары білікті мамандар жұқпалы ауруға шалдыққан 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге маман­дандырылған медици­налық көмек көрсетеді.

Мекеме қызметкерлері ауру­­лардың қабылдау-диагнос­тикалау бөліміне келіп түскеннен бастап, науқастар дертінің ауыр­лығына қарай арнаулы орындарда жеке қаралып, емдеудің ерекше шараларын алады. Аурухана бас дәрігерінің сапаны бақылау бо­йынша орынбасары Роза Өтегенова бүгінде тәулігіне 200-ге дейін балалар қаралатынын айтты.
Орта есеппен алғанда бұл науқастардың жағдайына қарай үштен бір бөлігі жатқызылады. Осы кезеңде мезгілдік жедел респираторлық вирусты жұқпаның көтеріліп тұрғаны белгілі. Вирус жұққан баланың қызуы көтеріліп, іші өтіп не құ­сып, кейде дене қызуын көтере алмай, талықсып жатады. Мұндайда шұғыл көмек көрсетіледі. Негізі, үш жасқа дейінгі балалар анасымен жат­қызылады, егер нәрестесі емізулі болса, онда анасы тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Ал үш жас­тан кейінгі сәбилердің аналарына күніне екі рет келіп баласының жанында болуға мүмкіндік қарастырылған. Бір ауысымда үш дәрігер қызмет етеді, науқастардың санының көбеюіне байланысты 2 дәрігер тағы қосылады.

Дәрігерлер ата-аналарға ба­ла­ларының жай-күйіне ден қойып, қандай да бір аурудың түрі байқалса, алдымен дәрігер­лердің кеңесіне жүгініп, алғашқы сәттен дұрыс ем-шара қолданып, аурудың алдын алу керектігін ескертті.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды