-->

Жұмыстан қысқарту тәртібі қалай жүргізіледі?

– Мен Астана қаласындағы шағын кәсіпорынның бірінде жұмыс істеймін. Жуырда басшымыз қаржылық жағдайға байланысты бірқатар кісілердің жұмыстан қысқаратынын айтты. Дегенмен, нақты қандай мамандар кететіні белгісіз. Сұрайын дегенім, жұмыс беруші қызметкерлерді қысқарту тәртібін қалай жүргізеді? Ең бірінші кімдер жұмысынан айырылуы мүмкін?

Елдос Ибрагимов,елорда тұрғыны

sokrashhenie_na-isp

Оқырман сауалына заң саласының білікті маманы Нұржан Пірмағанбетов жауап береді.
– Жұмыс беруші жұмыскерлерді қысқарту кезінде кемінде бір ай уақыт бұрын еңбек шартын бұзу туралы жұмыскерді жазбаша хабардар етуге, айына орташа еңбекақы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізуге және жұмыспен қамту орталығына лауазымдар мен кәсіптерді, мамандықтарды, біліктілікті және еңбекақы мөлшерін көрсете отырып, алда болатын жұмыскерлердің босатылуы туралы ақпарат беруге міндетті.
Жұмыс беруші жүкті әйелдерді, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді, он төрт жасқа дейінгі мүгедек бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналарды қысқартуға құқы жоқ.

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*