«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жұмыссыз мәртебесі кімге және қалай беріледі?

Керек кеңес

0 25

Бүгінгі таңда халықты жұмыспен қамту мемлекеттің өзекті міндетіне айналып отыр. Бұл бағытта елордасы Нұр-Сұлтан қаласында жүйелі жұмыстар қолға алынған. «Жұмыспен қамту» орталығы арқылы жұмыссыз мәртебесін алуға, жұмыс табуға да, мамандықты өзгертуге де мүмкіндіктер жасалып отыр.

Жұмыссыз ретінде тіркелу үшін азамат жергілікті жұмыспен қамту орталығына мына құжаттарды алып баруы керек:

Жеке басын куәландыратын құжат
• Бұрынғы еңбек қызметін растайтын құжат (егер бар болса)
• Білімі, біліктілігі, арнайы білімдерінің немесе кәсіптік даярлығының бар екендігі туралы құжат (бар болса)

Халықты жұмыспен қамту орталығы осы кісіні тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс тауып бере алмаса, оған жұмыссыз мәртебесі беріледі.

ЖҰМЫССЫЗ МӘРТЕБЕСІ МЫНА ЖАҒДАЙЛАРДА ҚАЙТА АЛЫНЫП ТАСТАЛАДЫ:

• Азамат лайықты жұмыс ұсынысынан екі рет бас тартқан жағдайда
• Жұмыссыз азамат жұмыспен қамту орталығына барудың заң бойынша бекітілген мерзімін дәлелді себептерсіз бұзған жағдайда
• Жұмыссыз азамат сот үкімімен бас бостандығынан айырылған немесе мәжбүрлі емдеу шараларына жіберілген жағдайда
• Жұмыспен қамту орталығына жалған құжаттар өткізген жағдайда

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ АЛУҒА ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР КЕРЕК?

Жұмыссыздарға мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік төлемді алу үшін мына
құжаттар керек:

• Жеке басын куәландыратын құжат
• Төлем алуға өтініш (электронды және қағаз түрінде)
• Мекенжай анықтамасы
• Жұмыс берушінің Еңбек шартының бұзылғанын растайтын актісінен үзінді көшірме
• Банк есепшотының нөмірі туралы ақпарат
• Жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын анықтама

ЖҰМЫССЫЗ РЕТІНДЕ КІМДЕРДІҢ ТІРКЕЛУІНЕ БОЛМАЙДЫ?

• Он алты жасқа толмаған
• Еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, оның ішінде жұмысты толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында ақы үшiн орындайтын немесе табыс (кіріс) әкелетін, ақы төленетiн өзге де жұмысы бар
• Зейнеткерлік жасқа толған
• Жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқ екендігі туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтерді ұсынған адамдар
• Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға үміткер студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары жұмыссыз ретінде тіркелмейді.

БОС ОРЫНДАРЫ

Бастауыш мектеп мұғалімі (жалақысы – 70 000 тг)
№12 балабақша-бастауыш мектеп кешені

Қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер (жалақысы – 249 000 тг)
«Артем» ЖШС

Қаржы кеңесшісі (жалақысы – 70 000 тг)
Еуразиялық банк АҚ №5 филиалы

Инженер-бағдарламашы (жалақысы – 90 000 тг)
Жоғары медициналық колледж

Бухгалтер (жалақысы – 120 000 тг)
Astana Ютария LTD

Күзетші (жалақысы – 110 000 тг)
«Ұрпақ-VIP» ЖШС

Көлік жүргізушісі (жалақысы – 89 000 тг)
«Лессор Астана КЗ» ЖШС

Билет кассирі (жалақысы – 70 000 тг)
«Керуен» кинопаркі

Тәрбиешінің көмекшісі (жалақысы – 42 500 тг)
№2 «Батыр» балабақшасы

Даяшы (жалақысы – 60 000 тг)
«Керуен» кинопаркі

Ыдыс жуушы (жалақысы – 80 000 тг)
«Тәп-тәтті» ЖШС

Балалар тағамының аспазы (жалақысы – 50 000 тг)
№87 «Қадыр» балабақшасы

Бастауыш мектеп мұғалімі (жалақысы – 70 000 тг)
№64 мектеп-лицей

Инвестиция жөніндегі кеңесші (жалақысы – 200 000 тг)
«Сауда-көлік компаниясы» ЖШС

Жарнама арт-директоры (жалақысы – 200 000 тг)
Калифорния сұлулық және қартаюға қарсы медицина орталығы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды