«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жұмыс іздеп жүрсіз бе?

Керек кеңес

0 79

Жұмысқа орналасу мәселесі қашанда өзекті екені белгілі. Осы орайда Астана қаласындағы Жұмыспен қамту орталығы жүйелі түрде жұмыс істеуде. Мәселен, жыл басталғалы бері үш айдың ішінде аталған мекеменің арқасында 500-дей елордалық азамат екі қолға бір күрек тапқан. Мекеме мәліметінде дәл қазір 5 жарым мыңға жуық бос жұмыс орны бар екен.

 ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ

Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25-үй мекенжайындағы «Өркен» іскерлік орталығында орналасқан.

Орталыққа келер алдында 57-88-88 телефон нөмірі бойынша хабарласып, қызықтырған сұрақтарыңызды нақтылап алуыңызға болады.

Жұмыс іздеуші азамат ретінде тіркелу үшін орталыққа жеке куәлік, еңбек кітапшасы және біліміңіз туралы құжатты апару керек.

Әуелі орталық мамандары деректер базасына сүйене отырып, сізге бос жұмыс орындарын ұсынады.

Жұмыс ұсынушы ұйымның атауы, кәсіби бағдары, жалақы мөлшері, жұмыс режимі – бұл сұрақтарға менеджермен әңгімелесу барысында-ақ жауап ала аласыз.

Сондай-ақ мұнда түйіндемені сауатты құрастыруға үйретеді.

Жұмыс іздеуші азамат өзінің байланыс нөмірлерін қалдыруы керек, егер оған лайық вакансия табылған жағдайда, орталық мамандары дереу хабарласады.

ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС БЕРУШІГЕ ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ?

• Дербес менеджерден кез келген сұрақ бойынша консультация;
• Жұмыс берушілердің вакансияларын аталған орталықта және электронды еңбек биржасында (enbek.kz) тіркеу;
• Жұмыс берушілердің талаптарына сай келетін азаматты таңдау;
• Жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің әңгімелесуін ұйымдастыру;
• Жұмыс берушілердің өтініші бойынша потенциалды жұмысшыны қысқа мерзімді курстарда оқытуды ұйымдастыру;
• Уақытша жұмыс орындарын құруда мемлекеттік субсидиялар беру.

ОРТАЛЫҚ ҚАНДАЙ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРАДЫ?

• Бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері;
• Жұмыс берушілер мен азаматтарды еңбек нарығындағы жағдай туралы ақпараттандыру;
• Студенттердің түрлі мамандық өкілдерімен кездесуі.

2019 жылдың басынан бері 500-ден астам елордалық тұрғын Жұмыспен қамту орталығының көмегімен жұмысқа тұрды. Шамамен 200-дей жас маман жастар практикасына жіберілді, 20 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты. Қазіргі таңда Астана қаласы бойынша 5466 бос жұмыс орны бар. Оның 2854-і – 100 мың теңгеге дейін, 2172-сі – 100 мың теңге мен 150 мың теңге аралығында, ал 440-ы 150 мың теңгеден жоғары жалақы ұсынады.

ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ІЗДЕУШІГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕДІ?

• Азаматты жұмыс іздеуші ретінде тіркеу;
• Азаматты жұмыссыз ретінде тіркеу;
• Лайықты вакансияларды іздеу және жұмысқа орналасуға көмектесу;
• Кәсіби оқыту;
• Әлеуметтік кәсіби бағдарлау;
• Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсыну;
• Қоғамдық жұмыстарды ұсыну;
• Жастар практикасы;
• Микрокредит беру бойынша кеңестер;
• Ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу;
• Атаулы әлеуметтік көмек;
• Жұмыстан шыққан жағдайда әлеуметтік төлем төлеу.

ЖҰМЫССЫЗ РЕТІНДЕ ТІРКЕЛГЕН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ ЖЕҢІЛДІК БАР

Егер азамат орталыққа келген соң он жұмыс күнінің ішінде өзіне ла­йықты жұмыс орнын таба алмаса, ол жұмыссыз ретінде тіркеле алады. Бұл жағдайда оның мынадай жеңілдіктері бар:
• Жұмыспен қамту орталығы тегін консультациялық және ақпараттық қызмет көрсетеді;
• Лайықты жұмыс орындарын іздеу бойынша қызмет көрсету;
• Әлеуметтік кәсіби бағдарлау;
• Егер азамат міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болған жағдайда, жұмыстан шыққан кезде берілетін әлеуметтік төлемдер;
• Атаулы әлеуметтік көмек;
• Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру.

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

Кадрлар бойынша менеджер – 2 адам (жалақысы – 100 мың тг-ден 150 мың тг-ге дейін)
«Сапа қызмет сервис» ЖШС

Бухгалтер – 1 адам (жалақысы – 150 мың тг-ден 180 мың тг-ге дейін)
Жоғары медициналық колледж

Есеп бойынша бухгалтер – 1 адам (жалақысы – 190 мың тг)
«Сапаржай-Астана» ЖШС

Анестезиолог және реаниматолог-дәрігер – 2 адам (жалақысы – 70 мың тг-ден 120 мың тг-ге дейін)
№3 перинаталды орталық

Бағдарламалық жасақтауды сүйемелдеуші маман – 1 адам (жалақысы – 243 мың тг)
«Fortebank» АҚ

Маркетинг бойынша маман – 1 адам (жалақысы – 312 мың тг)
«Fortebank» АҚ

Заңгер – 1 адам (жалақысы – 158 мың тг)
«Oil Real Estate» ЖШС Астана қаласындағы филиалы

Көрсетілетін қызмет сапасын талдау және бақылау жөніндегі басшы – 1 адам (жалақысы – 150 мың тг)
Психикалық денсаулық медициналық орталығы

Сауда агенті – 2 адам (жалақысы – 200 мың тг)
«Armenia KZ Union» ЖШС Астана қаласындағы филиалы

Жоспарлау жөніндегі экономист – 1 адам (жалақысы – 140 мың тг)
Дерматология және ЖЖЖА алдын алу орталығы

Фармацевт-технолог – 1 адам (жалақысы – 87400 тг-ден 100 мың тг-ге дейін)
«University medical center» ҚҚ

Слесарь-сантехник – 1 адам (жалақысы – 75 мың тг-ден 85 мың тг-ге дейін)
«Керуен» кинопаркі

Аспаптарды, аппаратураны және автоматты бақылау, реттеу және басқару жүйесін баптаушы – 1 адам (жалақысы – 200 мың тг-ден 250 мың тг-ге дейін)
«Andromed Astana» ЖШС

Персоналмен жұмыс жөніндегі маман – 1 адам (жалақысы – 138 мың тг)
«Fortebank» АҚ

Өнім жөніндегі менеджер – 3 адам (жалақысы – 100 мың тг-ден 500 мың тг-ге дейін)
«H-Group Atlet» ЖШС

Радионавигация, радиолокация және байланыс бойынша техник – 1 адам (жалақысы – 100 мың тг)
«ГНБ-Стройсети» ЖШС

Арматурашы – 30 адам (жалақысы – 150 мың тг)
«Bazis Construction» ЖШС Астана қаласындағы филиалы

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды