«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жұмыс бөлмесін өзі жинады

0 14

Елордадағы кейбір мектептерде оқушыларға сынып ішін жинату тәжірибесі енгізіліп жатқаны жайлы газетіміздің өткен нөмірімізде жазған едік. Артынша бұл іске қалалық Білім басқармасының қызметкерлері де қосылды.

Аталған ведомство басшысы Әнуар Жанғозиннің айтуынша, жоғарыдағы тәжірибе әр оқушыға еден жууды міндеттемейді, ол асханада өз ыдысыңды жинап кету немесе сабақтан кейін сыныбыңды таза күйінде қалдыру секілді қарапайым жұмыстардан басталады.
– Тек сырттан бақылаушы рөлін атқармас үшін мен бүгіннен бастап әр кеш сайын өз кабинетімді тазалау арқылы техникалық қызметшілердің жұмысын жеңілдетіп, көмектескім келеді. Бұған былай қарағанда 15-20 минут қана уақыт кетеді, – деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.
Осылайша Ә.Жанғозин #өзіңненбаста атты тазалық эстафетасын елордалық білім беру ұйымдарының басшыларына жолдады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды