«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жүйесіздік иесіздікке ұласпасын..

1 56

Білім саласындағы жүйесіздік иесіздікке ұласып кетті-ау деп шулап жүргенде, Президент Жарлығымен Күләш Шәмшидинова Білім және ғылым министрі болып тағайындалды. Ол жаңа қызметке кіріскен бойда ұстаздарды, ата-ана мен оқушыларды мазалап жүрген бірқатар мәселенің нүктесін қойып берді. Ендеше білім саласында қайта қаралып жатқан кейбір өзгерістерге назар аударайық.


«Әліппемен» қайта қауышамыз

Түрлі эксперименттердің алаңына айналған білім жүйесіндегі ең басты жаңалық – әліппенің қайта оралуы. 2016 жылы бар кітапқа бас болған әліппенің орнын сауат ашу басып, бүлдіршіндердің онымен мәңгілікке қоштасқаны ешкімді бейжай қалдыр­мады. Әліпбиді танытқан әліппеден бір сәтте көз жазып қалғанымызда, Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова оқулықтың келесі жылы қайта енгізілетінін айтып елді бір қуантты.
Мектеп бағдарламасынан алынып тасталғалы бері «әліппеге» қатысты әңгіме тоқтамады десек те болады. Халықтың қарсылығын министр де түсінді. Сондықтан елдің пікірі ескерілгенін және айтқан талабын алдағы оқу жылында толық орындауға барлық мүмкіндік бар екенін ашық мәлімдеді.
– Әліппеге байланысты биылғы оқу жылында үлгермейміз. Келесі оқу жылында әліппе орнына қайта келеді. Жаңа оқу жылы басталуына аз ғана уақыт қалды. Қазір басқа кітаптар басылды. Елдің есін шығармай, келесі жылы әліппені қайтарамыз, – деп оқулыққа қатысты нақты ойын білдірді.

Ағылшын емес, алдымен қазақ тілі!

Ақпан айында ғана «Астана ақшамы» газетінде «Ағылшыншаға өтеміз деп аптығып қалмайық…» атты ма­қала жарияланған еді. Онда «Қазақстан ұстаздары» парақшасында арнайы жүргізілген сауалнама нәтижесінде еліміз бойынша пікір білдірген 175 мұғалімнің 90 пайызы ағылшын тілінде оқытудың қиын екенін алға тартқанын назарға алдық.
Шынында, шалғай ауылдағы мектеп ұстаздарының өзі жаңа өзгеріс­терге ешқандай дайын емес екендіктерін жасырмап еді. Себебі білім ордаларында ең алдымен ағылшын тілі пәнінен сабақ беретін ұстаздың өзі тапшы болып шықты. Сағадиев тұсында биология, химия, физика және информатика пәндерінен сабақ беретін 11800 мұғалім ағылшын тілі курсынан қайта даярлаудан өткені белгілі. Жаңа жүйеге көшу үшін аямай қаржы бөлініп, ұстаздарға кеткен шығын 5,6 млрд теңгені құраған болатын. Бұдан былай мұғалімдерге ағылшын тілін үйрету курстары тоқтатылатын болды. Есесіне келесі жылдан бастап айлық курстар өткізуге арналған қаржы педагогикалық ұйымдарға беріледі. Нақтырақ айт­қанда, аталмыш қаржы университет қабырғасынан педагог мамандарға тілді меңгеріп шығаруға жұмсалады. Бұл ретте министрдің өзі «Заман талабына сай балаларымыз, ең бірінші, өз ана тілін, қазақ тілін білуі керек. Себебі қазақ тілін біз тек Қазақстанда ғана дамыта аламыз. Екіншіден, жалпы интеграциялану үшін, басқа көрші мемлекеттермен жұмыс істеу үшін бізге орыс тілі мен ағылшын тілі қажет» деген еді.
Айтпақшы, осыдан бір апта бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та үштілділікке қатысты пікірін білдірді. Оның ойынша, бала алдымен қазақ және орыс тілдерін меңгеріп алуы тиіс. Содан кейін ғана ағылшынша үйретсе болады. Демек, алдағы уақытта мектеп түгіл, балабақшадан бастап ағылшынша оқытамыз дегендердің аптығы басылуы мүмкін.

500 мың адамның жалақысы өсе ме?

Биыл 1 шілдеден бастап жалақысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің айлығы 30 пайызға көтерілетіні белгілі. Ал мұғалімдердің жайы қалай болмақ?
Білім және ғылым министрлігінің дерегіне сүйенсек, педагог қызметкерлердің жалақысын арттыру жүйелі түрде және кезең-кезеңімен шешімін табуда. Мәселен, 2018 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен аттестаттаудың жаңа жүйесі негізінде категориясын растаған және жаңа мазмұндағы білім беру бағдарламаларымен жұмыс істейтін ұстаздардың жалақысы 30-50 пайызға өскен. Алдағы уақытта білім беру саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің еңбек ақысын ұлғайту 30 пайызға дейін сараланған түрде жүзеге асатын болады. Бір сөзбен айтқанда, білім беру саласында 500 мың адамның жалақысы өседі. Олардың қатарында мектепке дейінгі ұйымдар мен интернаттардың тәрбиешілері мен олардың көмекшілері, әдіскерлер, әлеуметтік педагогтар, балабақшалар мен колледждердің психологтары, қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлері, кітапханашылар, тәлімгерлер, бухгалтерлер, іс жүргізушілер, жинап тазалаушылар, аула тазартушылар, күзетшілер, пеш жағушылар, сантехниктер мен электриктер бар. Дәл қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, қызметкерлердің санаттарын және жалақысын арттыру көлемін нақты анықтау жұмыстарымен айналысуды қолға алды.

  1. Айнур :

    Салеметсиздерме. Есимим Айнур. Жасым 30да.Уш баланын анасымын. Улкеним бестен асты. Екиншим уштен кетти. Ушиншим екиге енди келди. Куйеуимнен ажырасып жатырмын. Себебин тусиндиру оте киын. Огей шешем «балаларды акел озим карайм осирем, кейин жумыска шыгасын, осылай журе берсен олтирип алармыз» деген сон келген ем акемнин уйине. Уакыт отсе де адам ешкашан озгермейди екен. енди уш баламмен жер кокке сыйдырмай, акем уйде жокта кет, балаларынды акет мен карай алмайм, маган керек емес деп жатыр. Акеме айтуга коркамын. Ол кисини денсаулыгы нашар, менин кесиримнен ауырып калмаса екен деймин. Баска барар жерим жок. Енкурмаганда жумыс жасап акша тапканша карап беретин адам жок. Не истеримди билмей дал болдым. Акелерине берсем кейин оларды кормей, типти таппай каламба деп коркам. колымда бир тиын акша да жок. Акелери де ешетене бермейм деп отыр. Амалдарым таусылды. кайда барам. Кейин акем жокта, ози кетип калган деп, огей шешем уйден куып жиберсе далада калам. Сонда балаларымнын куни не болады. Аналар уйинен баска ойыма ештене келер емес. маган сиздердин комектериниз кажет. Ен болмаса баска жолдары болса нускап жиберсениздер екен.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды