ЖОЛЫҢДЫ БІЛ, ЖҮРГІНШІ!

Астанада соңғы 8 күн ішінде 450-ге жуық әкімшілік бұзушылық анықталды. Бұл «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу шарасы аясында белгілі болды. Ал жалпы, жылдың 7 айында 329 жол-көлік апаты орын алған. Бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 56 апаттық оқиғаға кем екен.

– Елордада 21 тамыздан бастап 5 қыркүйекке дейін «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу шарасы өтуде. Осы арқылы жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілердің әсерінен орын алатын келеңсіздіктерге тосқауыл қоюға ерекше көңіл бөлінуде, – дейді Астана ІІД ЖПҚ жол-патрульді полиция полкі қызметінің инспекторы Астемір Бектаев.

Жол-көлік апаттарының саны әлдеқайда азайғанымен, жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің кесірінен 17 адам қаза тауыпты. Енді, міне, жаңа оқу жылы басталған соң Астана қаласының әкімдігі ЖПҚ-мен бірлесе отырып, жол-көлік апаттарының санын анағұрлым төмендетуге бағытталған кешенді шараларды қолға алып отыр. Жолдардың маңындағы өтпежолдарды қоршау жүргізілуде. Бүгінде елордада 1,5 мың метр қоршау орнатылыпты. Жол-көлік ережесін бұзғаны үшін жаяу жүргіншілерге 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған, ол 11 мың 345 теңгені құрайды.

 

Сонымен қатар

Отбасы – тәрбие бастауы

Адам үшін ең жақын әлеуметтік орта – отбасы. Отбасы – ізгі дәстүрдің, өнегелі мұралардың, салт-дәстүрлердің …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған