«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жол салу жайымен танысты

0 55

Астана әкімі Әсет Исекешев қаланы аралап, Тәуелсіздік даңғылынан басталып, Ш.Қалдаяқов көшесіне тірелетін №27 көше құрылысымен танысты.

Аталмыш көше ұзындығы – 6 шақырым. Қазір бұл жерде жол-инженерлік және коммуникация жүргізіліп жатыр. Қала басшысы жол құрылысын және Есіл өзені мен «Нұра-Есіл» арнасы арқылы салынатын көпірлердің құрылысын жыл аяғына дейін аяқтауды тапсырды. Содан кейін Мәңгілік ел және Қабанбай батыр даңғылдарындағы көлік ағыны азаюы тиіс.
Сондай-ақ, Ә.Исекешев Тұран даңғылынан бас­та­лып, Ш.Айтматов кө­ше­­­сіне дейін жалғасатын Сарайшық көшесінің құ­рылысымен танысты. Бұл көшенің ұзындығы – 3 шақырым және сегіз жолақты болады. Қазір бұл жерде асфальт төсеу, жеке бұрыс­тарды жасау, тротуар салу жұмыстары жүруде. Бірінші кезекте бұл жол Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарындағы көлік ағынын 50 пайызға жеңілдетуі тиіс. Қала әкімі осы жол бөлігін 1 шілдеде қолданысқа беруді тапсырды.
Жалпы, осы жылы қалада ұзындығы 20,8 шақырымды құрайтын 22 жаңа көшенің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы саны 91 көшені құрайтын ұзындығы 61,15 шақырым жол жөндеуден өтуде. Күрделі жол жөндеу Өндіріс, Агрогородок, Көктал тұрғын алаптарында және Оңтүстік-Шы­ғыс, Үркер шағын аудандарында да жүреді.
Қазір Арай, Обаған, Бестөбе көшелерінде және Абай даңғылында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оңтүстік-Шығыс және Өндіріс шағын аудандарындағы көшелерде күрделі жөндеу жүреді.
Маусым айының аяғына дейін Мәңгілік ел даңғылынан басталып, Түркістан көшесіне дейін созылатын Ақниет (№25) көшесінің құрылысы аяқталады. Арай көшесінің бойында және Арай саябағы аумағында көлік тұрақтары ашылады.
Ш.Құдайбердіұлы, Б.Бейсекбаев, Желтоқсан, Капиталки, Құлтума ақын, Байқоңыр, Ақтолқын, Ж.Ақпаев, Сеченов, Бестөбе, Ақжелкен, Хачатурян, М.Шолохов, Бозторғай, Ер Тарғын, Бұлбұл қобыз, Тайқазан, Келес, Орхон, Сарын көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталады.
Бұған қоса, жол-көлік құ­рылымын дамыту бағытында 37 көшеде инженерлік желілерді және жарық орнату жұмыстары жалғасуда.
Қала көшелерін аралау барысында қала әкімі Көлік және жол-көлік инфра­құ­рылымын дамыту басқармасының басшысы Асхат Қарағойшинге кей көшелерде жұмыс қарқынының баяу жүріп жатқанына байланыс­ты ескерту жасады және ауа райына қарамастан уақытылы аяқтауды тапсырды.
«Қала тұрғындары мен қонақтары осы жолдардың игілігін уақытылы көруі тиіс. Барлық көше уақытылы және сапалы тапсырылуы тиіс» деді Ә.Исекешев.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды