-->

ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БАЛАЛАР ДА БІЛУ КЕРЕК

erm_4087-2

Астана қалалық ІІД жергілікті полиция қызметі жол ережелерін балабақша бүл­дір­шіндеріне түсіндіру мақсатында брейн-ринг атты конкурс өткізді. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын байқауға 5 пен 6 жас аралығындағы балаларқатысты.

Ақпанның 13 мен 17 күн­дері өткен конкурсқа елордадағы 100-ден астам ба­ла­бақша бүлдіршін­­дері бақ сынады. Ұйымдас­ты­рушылар байқаудың басты мақсаты, жеткін­шектерге жолда жүру ережелерін үйрету екенін айтады. Жер­гілікті полиция қызметі Сарыарқа ауданында «Нұр Отан» партиясы және білім басқармасымен бірлесіп іс-шара ұйымдастырды. Аталған конкурсқа Са­рыарқа ауданындағы 37 балабақ­шаның ересек топтары қатысты.
Қазылар алқасы балалардың жол ережесін қаншалықты мең­гергені мен әртістік шебер­ліктеріне мән бергенін айтады. Нәтижесінде №11 «Гаухар» және №75 «Жанарым» – ең үздік балабақша ретінде танылды. Байқаудың 3-орын жүлдесін №55 «Қарақат» (қазақ тобы), №4 «Аружан» және «Балдырған» ба­лабақшалары иемденді. Ал екінші орынды №85 «Мейіржан», №31 «Ақ сұңқар» (қазақ тобы), «Тұлпар» және №2 «Батыр» балабақшасы алды. Бірінші орын №65 «Балбала», №6 «Көктем» (қазақ тобы), №11 «Гаухар» және №14 «Ақ бөпе» тәрбие беру мекемесіне бұйырды. Байқаудың бас жүлдесін №72 «Жа­нарым» балабақшасы алды.
Байқауға қатысушылар ұйым­дас­тырушылар тарапынан арнайы диплом және естелік сыйлықпен марапатталды.

Серік ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*