«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жол ақысы тарифі өзгереді

0 83

ҚР Үкіметінің Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы ережесіне сәйкес, Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 21 шілдеден бастап елорданың және қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктер тарифінің өзгеретінін хабарлайды.

Әдеттегі қалалық жолаушыларды және жүкті тасымалдау кезінде электрондық жол жүру құжаты арқылы төлем жасалса – жолақы 90 теңге, қолма-қол ақшамен төленсе – 180 теңге. Ал экспресс жолау­шыларды және жүкті тасымалдау кезінде электрондық жол жүру құжаты арқылы жасалған төлем 180 теңге болса, қолма-қол ақшамен төлегендегі жолақы құны 250 теңге болып өзгертілді. Сонымен қатар, қала маңына қатынайтын автобустар жолақысы электрондық жол жүру құжаты арқылы төлем жасағанда 1 километрге 8 теңге болса, ақшалай төлем жасалғанда 1 километрге 11,5 теңге төленеді.
Егер қоғамдық көліктегі электронды төлем жүйесі бұзылған жағдайда, электрондық картасы бар жолаушы тегін жол жүруге құқылы. Ал қалалық және қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктерде 7-ден 15 жасқа дейінгі балаларға ҚР «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес, жол жүру билетінің толық құнының елу пайызын ғана төлеу қарастырылады.
Сондай-ақ, Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі шешіміне сәйкес, жеңілдік қарастырылған азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету тәртібіне сай қалалық жолаушылар көлігінде жол жүру құнын төлеуден босату шешімі өзгеріссіз қалады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды