«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жоғалған ақшаны иесіне қайтарды

0 55

Астаналық оқушы ішінде 112 мың теңгесі бар әмиянды иесіне қайтарып берді.

№28 орта мектептің 11-сынып оқу­шысы Илья Шавиков Кенесары көшесінің бойында ішінде 112 мың теңгеден аса ақша мен банк карталары бар әмиянды тауып алған. Содан ол ата-анасымен ақылдасып, әлеуметтік желілердегі полиция департаментінің Табылған заттар бюросы туралы хабарландыруды тауып, әмиянды иесіне қайтару үшін сонда хабарласқан. Әмиян иесі мен полицейлер азаматтық белсенділігі үшін жасөспірімге, ал ұлдарын дұрыс тәрбиелегені үшін оның ата-анасына алғыстарын білдірген.
Айта кету керек, Астанада Полиция департаменті Ақпараттық-аналитикалық орталығының Табылған заттар бюросы сағат 08:30-дан 18:30-ға дейін (түскі үзіліс уақыты сағат 12:30-дан 14:30-ға дейін) жұмыс істейді. Күші жойылған құжаттарды қалпына келтіру анықтамасын бюро тегін береді. Мекенжайы: Бейбітшілік көшесі,19. Жұмыс телефоны: 95-15-49, 71-60-32.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды