Четверг, 21 Сентябрь 2017
-->

«ЖІБЕК ЖОЛЫ» – АСТАНАДА

«Жібек жолы» раллиінің қатысу­шылары Астанаға жетті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Алпыстан астам көліктен құралған авто керуен шілде айының басында Мәскеудің Қызыл алаңынан бастау алған болатын. Жалпы бағыт үш елді қамтиды (Ресей, Қазақстан, Қытай) және 10 мыңға жуық шақырымды құрайды. Оның жарты жолы – арнайы аумақтар. Экипаж 22 шілде Қытайдың Сиа­нь қаласында мәреге жетеді. Бір сәйкестігі, бағзы замандарда бұл қала әйгілі жібек жолы сауда керуендерінің соңғы нүктесі саналған.

Қазіргі уақытта халықаралық ралли-марафонына қатысушылар Ресейдің барлық аумағын жүріп өтті. Бұл – 15 қала және 900 шақырым Қазақстанның шексіз даласы: Ресей шекарасы арқылы Қостанай және Астанаға дейінгі аумақ.

Қазақстан астанасында экипаждар бір күн тынығып, одан кейін әрі қарай белгіленген бағыт бойынша Тянь-Шань таулары арқылы Гоби шөл даласымен Қытайдың Сиань қаласына жетеді. Ал әзірге жарысушылар Қазақстан аумағы бойынша Астана-Семей-Үржар бағытындағы арнайы учаскелерді бағындыруы тиіс.

Одан кейін ралли қытайлық Карамаге жетіп, Қытайдың жүрегі – Пекин қаласына бағыт алады.Қазақстан атынан жарысқа екі команда қатысуда. Олар – «Astana Motorsport» және «Aktau Motorsport».

– Мен осымен «Жібек жолы» раллиіне жетінші рет қатысып жатырмын. Мен оның барлығын өттім. Биыл тәжірибе көмектеседі деп ойлаймын. Мәскеуден Сианьға дейін барамыз, 11 кезең күтіп тұр. Сондықтан барлығы әлі алда. Гобидің ірі құмдары, төзімсіз ыстық, небір қиындықтардан өтеміз. Біздің көліктеріміз бізді жерге қаратпайды деп ойлаймын, – деді жарысқа Iveco PowerStar көлігімен жүк көлігі санатында қатысатын «Astana Motorsports» пилоты Артур Ардавичус.

Print Friendly, PDF & Email
PDF24    Отправить статью как PDF   

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*