Жеткіншектердің көңілді старты

Елордадағы SOS балалар ауылында көңілді старт жарысы өтті.

Байқау эстафеталық ойын мен қызықты конкурс түрінде ұйымдастырылды. Балаларды қолдау үшін Алматы ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, грек-рим күресінен екі дүркін әлем чемпионы, Атлантадағы Олимпиада чемпионы, Қазақстанның спорт шебері Юрий Мельниченко, Афиныдағы Олимпиаданың күміс жүлдегері, Лондондағы Олимпиаданың қола жүлдегері, Рио-де-Жанейродағы Олимпиаданың күміс жүлдегері, Қазақстанның спорт шебері Гүзел Манюрова, кикбокстан екі дүркін әлем чемпионы Нұрболат Рысмағанбетов және елордалық бапкерлер арнайы келді.

– Бүгінгі мерекеге көк байрағымызды дүние жүзіне танытқан саңлақ спортшыларымыз қатысуда. Олар сендерге тамаша рух пен жеңіске деген үлкен сенім сыйлайтынына сенемін. Әрқашан дендерің сау болсын. Оқуда табыстарға жете беріңдер! – деді Е. Бөлекпаев.
Қонақтар жеткіншектердің спорттық тәлімгерлері болды. Дода барысында бүлдіршін­дерді қанаттандырып, кеңестер беріп отырды.
– Осындай ерекше шараға қатысып отырғаныма өте қуаныштымын. Спорт адамдарды әркез жақындастырады, бірлікке шақырады. Мен бұрынырақ балалар бапкері болып жұмыс істегенмін, кішкентайлармен уақыт өткізу маған қатты ұнайды, – деп ағынан ақтарылды өз кезегінде Г. Манюрова.

Бұл күннен естелік ретінде барлық қатысушыға сыйлықтар үлестірілді.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Сонымен қатар

МЕРЕКЕДЕ 81 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні Астана қаласының үш перинаталдық орталығында 81 сәби дүниеге …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған