«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Жер сағаты» шарасы өтеді

0 25

24 наурыз күні Астанадағы «Mega Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығында «Жер сағаты» атты экологиялық акция өтеді. Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясының басқарма төрайымы Салтанат Рақымбекова осылай деп мәлімдеді.

 

Оның айтуынша, аталмыш акцияға әлемдегі 175-тен астам елдің шамамен алғанда 7 мың қаласында тұратын 2 миллиардқа жуық адам қатысады. «Жер сағатының» негізгі мақсаты – электр энергия­сын үнемдеу. Оның барысында ғимараттардың жарығы, ескерткіштердің жарықтандырылуы мен иллюминация, тұрмыстық техника бір сағатқа өшіріледі. Сондай-ақ, бұл акция экологиялық жүйелерді сақтау­дың өзекті мәселелеріне, ең алдымен жаһандық климаттың өзгеруіне көңіл аударту үшін ұйымдастырылады.
Жалпы, биыл елімізде энергия тиімділігі технологиясын дамыту мақсатында экологиялық фестиваль өтеді. 30 наурыз күні Астананың
20 жылдығы аясында «Хан Шатыр­дан» басталатын шараға 4 мыңға жуық адам қатыспақ. Ал Қазақстан бойынша оған еліміздің 16 қаласынан 30 мыңнан астам адамды тарту көзделуде.
Ал 15 қыркүйек күні қоқыстан тазарту бойынша кешенді шараларды ұйымдастыру мақсатында елімізде алғаш рет «World Cleanup day-2018» дүниежүзілік акциясы өтпек.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды