«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жер астына қоқыс жинаймыз

0 33

Астана әкімдігі жаңа жерасты қоқыс контейнерлерін орналастыру үшін контейнер алаңын анықтады.

Астана қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды реттеу бас­қармасының мәліметінше, үш ауданда небәрі жаңа типтегі 36 контейнер пайда болады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылығы тереңдетілген жәшіктер Байқоңыр (14), Сарыарқа (10), Алматы (12) аудандарына орнатылмақ.
«Тұрғын үй құрылысының тығыздығы мен жүретін жолдардың тарлығы, ірі габаритті арнайы техниканың қоқысты шығарар кездегі қиындығына байланысты қаланың үш ауданында тереңдетілген контейнерлерді орнататын 12 орын анықталды. Алғашқы бес контейнер­дің монтаж жұмыстары Абы­лайхан даңғылы, 25 және Пушкин көшесі, 15 мекенжайларында аяқталды. Қазір сол учаскені абаттандыру жүргізіліп жатыр» делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, жерасты қо­қыс контейнерінің көлемі – 3,5 текше метр. Қатты тұр­мыстық қалдықтарды сақ­тайтын және жерасты жинау технологиясын Финляндияның өндірісі әзірлеген. Сы­йымдылығы 3 текше метрді құрайтын бір контейнер 3 қоқыс жәшігін алмастырады деп жоспарлануда. Бұл ауладағы алаңның көлемін кеңейтуге мүмкіндік беріп, бактерияның таралуы мен күн ысыған кезде жағымсыз иістің шығуын азайтады. Себебі контейнердің тең жартысы жер астында орналасады.
Жерасты контейнерле­рін­­дегі қатты тұрмыстық қалдықтарды қоқыс тасы­малдайтын «Clean city» ком­­паниясы жүзеге асырады. Қатты тұрмыстық қалдық­тарды тереңнен жинау үшін компания арнайы манипулятор сатып алған. Ол күн са­йын жаңа контейнерлердегі қоқыстарды шығарады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды