«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жел мен күннің пайдасы көбеймей тұр

0 9

2017 жылы төрткүл дүние назарын өзіне аударған ЭКСПО көрмесі «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналғаны белгілі. Ғаламдық көрмеде жұртшылыққа таныстырылған жобалар қазір бас қаламызда ақырындап қолданысқа енгізіле бастады.

Жақында Нұр-Сұлтан әкімдігінде өткен жиында баламалы энергия көздері жайлы мәселе қозғалып, олардың қаладағы 23 нысанда орналасқаны белгілі болды. Санаулы ғана аппарат 700-ден астам киловатт-сағат энергия бөлсе, жылына 20 млн теңгеден астам қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді екен. Қазір жел мен күннен қуат алатын аппараттарды саябақтардан, автобус аялдамаларынан кездестіруге болады.
Елімізде жыл сайын 90 миллиард кВт сағат энергия өндірілсе, оның 72 пайызы көмір жағу арқылы, 12,3 пайызы су электр стансаларынан, 10,6 пайызы табиғи газдан, 4,9 пайызы мұнайдан алынады. Ал ЭКСПО көрмесінде дәріптелген жел мен күннен алынатын энергия ресурстары небәрі 1 пайызды құрайды екен.
Сөз орайы келгенде айтарымыз, елорда – нағыз желдің өтінде орналасқан қала. Қысы қатаң болса да, күн шуағы мол төгілетін аймақ. Жасыл энергия көздерін мейлінше көбірек алуға әбден ыңғайлы-ақ. Сондықтан арнайы құрылғылар саны алдағы уақытта көбейгені жөн. Небәрі 23 аппарат жылына 20 млн теңгеден астам қаржыны үнемдесе, жүз, мың данасы қанша шығынның алдын алатынын есептей беріңіз.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды