«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жедел шаралар қабылдануда

0 46

Өткен аптаның ішінде iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына денсаулық сақтау қызметіне байланысты 101 шағым түскен.

 

Келіп түскен шағымдарға жедел шараларды қабылдау мақсатында whatsapp IKomek мессенджерінің чатына Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, Басқарма бөлімдерінің басшылары, бас дәрігердің медициналық қызмет сапасы жөніндегі орынбасарлары енгізілді.
Астана әкімдігі мен қаланың бас дәрігерлері арасында қосымша келісім жасалды. Онда олардың жұмыс сапасын бағалаудың нақты индикаторлары көрсетілген. Соның ішінде алған медициналық көмекке халықтың көңілі толу деңгейі ескеріледі.
Медициналық ұйымдардың басшылары апта сайын халықпен есепті кездесу өткізіп, түйткілді мәселелерді шешеді. Қазіргі уақытта аудан әкімдерінің есепті кездесулеріне Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қыз­меткерлері, медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері қатысып, медицинаға қатыс­ты шағым болған жағдайда проблеманы бірден шешуге тырысады.
Қала әкімдігінде жүйелі негізде клиникаларды аралап, шағым түсіруге әкелген факторларды анықтайтын жұмыс тобы құрылды. Өз құқықтары мен міндеттері туралы халықтың ақпараттануын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды