«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жедел әрі озат

0 30

Нұр-Сұлтан қаласының жедел жәрдем бригадасы Жедел медициналық көмек бригадаларының және қабылдау бөлімшелерінің IV республикалық жарысының қорытындысы бойынша үздік деп танылды.

Еліміздің 17 айма­ғынан келген медицина қызметкерлерінің бі­ліктігін Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындары мен ұйым­дарының өкілдерінен құралған қазылар алқасы, сондай-ақ Италия мен Германияның сарапшылары бағалады. Жарыс барысында командалар анафилактикалық шок, балалардың жан сақтау бөлімі, жартылай жарықтандыру кезінде шұғыл көмек көрсетуде шеберлігін көрсетті. Шартты түрде алған оқиға орнында манекендер мен науқастарды бейнелейтін адамдар қолданылды.
Бүгінде арнайы бригадалардың жұмылдырылған күшін орайлас­тырған диспетчерлік қызметтің мінсіз әрекетіне қоса, қосалқы стансалардың тиімді орналасуы және қаланың стационарларындағы дәрігерлермен жедел жәрдем бригадаларының тығыз байланысының арқасында әрі госпитализациялау жүйесіндегі нақты жетістіктер осындай жеңіске жеткізіп отыр.
Айта кету керек, 103 қызметі тәулігіне 2900-ге дейін өтініш қабылдап, 1800-ге дейін қызмет көрсетеді. Тәулігіне елордаға 80 жедел жәрдем және 24 алғашқы медициналық санитарлық көмектің шұғыл жәрдем бригадасы қызмет көрсетеді. Елордалық жедел медициналық жәрдем стансасы жоғары білікті мамандары бар және өз арсеналында заманауи жабдықтары, дәрі-дәрмектер мен санитарлық автокөлігі бар қаланың жетекші емдеу-алдын алу мекемелерінің бірі болып табылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды