«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жазушы мен режиссер

сурет сыры

0 48

Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры осыдан 27 жыл бұрын классик қаламгер Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» драмасымен ашылғаны белгілі. Спектакльді аталмыш театрдың негізін қалаушы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Жақып Омаров сахналаған.

Режиссердің шығармашылық ғұмыры өткен ғасырдың алпысыншы жылдары басталды. Алматы, Қарағанды, Шымкент, Тараз театрларында қызмет істеп, Ақмолада қазақ театры ашылғанда соның тізгінін ұстады. Ғ.Мүсіреповпен араласа жүріп, жоғарыда аталған туындысын басқа театрларда да қойып, жазушының батасын алған. Сондай бір премьера Шымкент қаласында өткен.
«1982 жылы Жақып Омаров­тың режиссерлігімен «Ақан сері – Ақтоқты» қайта сахналанғанда, премьераға әйгілі жазушы Ғабит Мүсірепов қатысады. Актердің ойынына риза болған жазушы сахнада маңдайынан сүйіп «Шәкеннен (Айманов) кейін Ақанды көре алмай жүр едім. Ақаным тірі екен ғой!» деп қайыра құшақтап, көзіне жас алады» деп жазады Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының ардагер әртісі Сапар Өтемісұлы туралы сыр толғауында аталмыш театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Сая Қасымбек.
Омаров Мүсіреповтің бір ғана драмасын емес, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» туындысын да қойды. Қос тұлғаның шығармашылық байланыста болғанының дәлеліндей мына сурет қалды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды