Четверг, 29 Июнь 2017
-->

ЖАТАҚХАНАДАН ОРЫН КЕРЕК ПЕ?

Астана әкімдігінің брондау бөлімінің call-орталығы арқылы жатақхана бөлмелерін брондауға болады. Бұл туралы елорда әкімдігінің медиа орталығы хабарлады.

58618ddc05927f9bf15e6d6b56661be9-kopirovat

– Брондау бөлімімен 8 (7172) 277-815 қалалық телефоны бо­йынша немесе 8-777-772-05-06 ұялы байланыс нөмірі арқылы хабарласуға болады. Бұл бағытта біз барлық туроператорлармен жұмыс істеп жатырмыз, әсіресе, орындармен қамтамасыз ету үшін өңірлермен байланыс жасаймыз. Яғни, брондау бөлімі бар. Кімге орын керек – біз тауып беруге дайынбыз, – дейді «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС директорының орынбасары Асқар Адамбеков.

Сондай-ақ, ол «ЭКСПО-2017» көрмесінің қонақтарын орналастыруға болатын 18 жатақхананың бар екенін еске салды. Бөлмені тәулікке алу бағасы – екі мыңнан бес мың теңгеге дейін. Жатақхананың дәліздік түрін жалға алу – 2-3 мың теңге, ал пәтер үлгісіндегі жатақхана – 3-5 мың теңге (барлығы 8,5 мың төсек орын).

– Мұндай қызмет түрлерін Қазақстан өңірлерінен келетін қонақтар пайдаланады. Жұмыс­тар үш ай бойы жүргізілді. Кіру, шығу кестесі ерте бастан құрылды. Өңірлерден келетін меймандарды күтеміз. Әзірге олардың саны көп емес, – деді А.Адамбеков.

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*