«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Жасыл» энергия болашағы

0 17

Елордада қалдықтарды басқару және «жасыл» энергия саласын дамыту мәселелеріне арналған «Green Energy & Waste Recycling Forum – GEWR’19» IV Еуразиялық бизнес-форумы өз жұмысын бастады.

Бүгінгі таңда қоршаған ортаның ластануы өзекті мәселеге айналып отыр. Жиынның басты тақырыбы адам ағзасына зиянды қалдықтарды қайта өңдеу саласын тұрақты дамыту арқылы циркулярлық экономиканың қалыптасуына, парниктік газдардың шығарылуын азайтуға және энергияның баламалы түрлерін өндіруге елеулі үлес қосуға бағытталған. «KazWaste» қазақстандық қалдықтарды басқару қауымдастығының Атқарушы директоры Вера Мұстафинаның айтуынша, қалдықтарды өңдеу саласындағы негізгі міндеттер қолданыстағы технологияларды жетілдіруге, жаңа технологияларды құруға және енгізуге бағытталуы тиіс. Халықаралық қоғамдас­тық жариялаған пластик ыдыстармен күресудің жаңа қағидаттарына сүйене отырып, әрбір үй мен әрбір тұрғынды қалдықтарды жинауға жұмылдыру да ойластырылған.
Сондай-ақ форум жұмысы барысында The Coca-Cola Foundation халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен «Пластикті қайта өңдеуге иә деп айт!» ортақ жобасы таныстырылды. Өткен жылы әлемнің 127 елі пластиктен жасалған бір реттік өнімді пайдалануды шектеді, 30 ел пластикалық пакеттер үшін төлем енгізді, ал 27-сі қоршаған ортаға зиянды кейбір материалдарды пайдалануға тыйым салды. Қазіргі уақытта Қазақстанда полиэтилен пакеттерін тегін сатуға тыйым салуды енгізу белсенді түрде талқылануда.

Бейбіт ОСПАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды