Пятница, 22 Сентябрь 2017
-->

ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ ЖАНҒА САЯ

Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Астананың жасыл белдеуі» атты экологиялық шарасы болып өтті.

Айтулы шараның мақсаты – Астананың жасыл белдеуінің рекреациялық әлеуетін дәріп­теу, өскелең ұрпақтың бо­йына Қазақстанның табиғи байлықтарына ұқыпты қарауға дағдысын сіңіру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Шараға қатысушылар ал­дын­да сөйлеген сөзінде ҚХА төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Дархан Мың­бай елордамыздың күн сайын көркейіп келе жатқанын, осы маңызды істе Елбасымыздың «Жасыл белдеу» бастамасы өте құнды болып табылатынына тоқталды. «Мемлекет басшысы айтқандай: «Астананың жасыл белдеуі, бұл орман біздің таза ауамен дем алуға мүмкіндік беретін еліміздің тыныс органы – «өкпесі». Біздің ұрпағымыз үшін жасалып отырған сый, мәңгілік мұра» деді ол.

Расымен де, бұл кейінгі ұрпақ үшін үлкен мұра. Осындай қолдан егілген орман ТМД елдерінің ешқайсысында жоқ. Бұл – бірегей қазақстандық жоба. Қазір Астана маңын 80 мың гектардан астам аймағын орман құрайды. Болашақта оны Бурабай орманына ұластыру көзделген.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев «жасыл белдеудің» пайда болу тарихы туралы, бұл өңірде орман шаруашылығын жүргізу ерекшелігі жайында, сондай-ақ, жасыл желектерді сақтау және аумағын кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

Шараға ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынба­сары Владимир Божко бас­таған Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік мекемелер мен этномәдени бірлестік өкіл­дері және қала жастары қа­тысып, «Жасыл белдеуді қал­пына келтіру және жасыл белдеудің екінші кезегін жа­сау» жоба­сына сәйкес көшеттер отырғызды.

Азамат  Құсайын

Print Friendly, PDF & Email
PDF24    Отправить статью как PDF   

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*