ЖАСТАРДЫ ЖИНАҒАН «ЖАҢА БЕЛЕС – 2017»

Тәуелсіздік сарайында тұңғыш рет «Жаңа Белес – 2017» жастар балы өтті. Оған Астанадағы жоғары оқу орындары мен колледждердің екі мыңға жуық студенті қатысты. Шараны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды.

Алдымен сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиа­лы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев жастарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, жастарға сәттілік тіледі. Олар Астана тек ғимараттарымен ғана емес, жастарымен де көрікті екенін атап өтті.
«Астана әкімі Әсет Исекешев қала жастарының идеяларын, ұсынған жобаларын әрқашанда қолдауға дайын. «Жаңа белес-2017» балы біздің «А14» жобасы бойынша жүзеге асып жатыр. «А14» жобасына Астананың жоғары оқу орындарының Жастар ісі бойынша комитетінің басшылары кіріп отыр. Олар – жас көшбасшылар, осы кештің себепкерлері. Бұл бал дәстүрге айналып, келесі жылы да жалғасады» деді қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов.
Кеш барысында студенттік билеттер тапсырылды. Назарбаев университетінің бірінші курс студенті Ибрагим Севетбеков пен «Астана» медицина университетінің студенті Нигина Мекенбаеваға салтанатты түрде табыс етілді.
Классикалық музыка ырғағымен билеген жастар алдында сондай-ақ, Маржан Арапбаева, ағайынды Жүгінісовтер және өзге де әншілер ән салды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Сонымен қатар

Ақселеу аманаты

Көбіне санамызға сия бермейтін құдірет сырын тар түйсікпен түйіндей салатынымыз бар. Осындайда өмір жалғастығын өзінше …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған